«АРХИВ ХАБАРШЫСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ САНЫНА МАҚАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

«АРХИВ ХАБАРШЫСЫ» ЖУРНАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ САНЫНА МАҚАЛАЛАР ҚАБЫЛДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Астана қаласының мемлекеттік архиві Қазақстан тарихшыларының Ұлттық конгресімен бірге «Arhiv habarşysy» ғылыми-көпшілік, ақпараттық- әдістемелік журналын 2021 жылдан бастап тоқсан сайын шығарып келеді.
Журналда тарих методологиясы, тарихнама және деректану, архив ісінің тарихы мен тәжірибесі, іс жүргізу, өлкетану, тұлғатану мәселелері бойынша ғылыми мақалалар, архив деректері, сонымен қатар, танымдық, ағартушылық, ақпараттық бағыттағы шолулар, мақалалар мен пікірлер жарияланады.
Алдағы уақытта да еліміздің архивтерімен, зерттеуші ғалымдармен ынтымақтаса жұмыс жүргізуге мүдделіміз, сондай-сақ сіздерден архив ісі және архив деректері бойынша сүбелі мақалалар мен хабарламалар күтеміз.
Толық ақпарат сілтемеде