SWISS-SASEM Open Space Astana ашылуы

SWISS-SASEM Open Space Astana ашылуы

Қазақстанда алғаш рет «Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві» ММ базасында Швейцарияның Экономика және менеджмент жөніндегі қолданбалы ғылымдар мектебімен бірлескен Swiss-sasem Open Space Astana мәдени-ағарту жобасы ұсынылды.

2022 жылдың 22 қарашасында Швейцарияның Экономика және менеджмент бойынша қолданбалы ғылымдар мектебінің ректоры профессор Доминик Джорданның қатысуымен филиалдың салтанатты ашылуы өтті.

Осы қуанышты оқиғаны бізбен бөлісуге Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Есіркеп Сәкен Зиябекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Нұрланова Сагила Есімсейітқызы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі, профессор Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы келді.

Open Space форматы барлық тілек білдірушілерге көшбасшылықтан, креативті ойлаудан, қаржылық және медиа сауаттылықтан бастап әлемдік және қазақстандық жетекші классиктердің шығармаларына дейінгі білім мен ой-өрісті байытатын материалдарға еркін қол жеткізіуге мүмкіндік береді.

«Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві» ММ патриотизм, білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік, ұйымшылдық және жауапкершілік сияқты қасиеттерді насихаттауға байланысты Президент қойған бағдарламалық құжаттарды, мақсаттар мен міндеттерді орындау мақсатында бай тарихи-құжаттық мұраға ие бола отырып, көпшіліктің игілігі үшін мәңгілік құндылықтарды таратуға ықпал етеді.