Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты «Нұр Отан» партиясының қатарында

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты «Нұр Отан» партиясының қатарында

 

 

2017 жылдың 09 тамызында Астана қаласының Мемлекеттік  мұрағатында     «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылданған қызметкерлеріне  партиялық билеттерін  тапсыру салтанатты рәсімі өтті.

«Нұр Отан» партиясының қатары он сегіз елорда мұрағаты қызметінің   өкілдерімен толықтырылды.  Айтулы оқиғамен мұрағат  қызметкерлерін «Нұр Отан» партиясының  Астана қалалық филиалының Бірінші  орынбасары Сапаров Бақыт Аманжолұлы құттықтап, партиялық билеттерді  табыс етті. Б.А. Сапаров құттықтау  сөзінде «Нұр Отан» партиясының қатарына еңген  үлкен жауапкершілік және үлкен абырой деп атап өтті. Сонымен қатар, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының партия мүшелеріне зор денсаулық, береке — бірлік тілей отырып, партия қызметінде белсенді қолдау танытуды тіледі.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *