Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Астана күні мерекесіне орай Ұлттық академиялық кітапханада қала тарихын арқау еткен маңызды іс-шара өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл  Артықбаевтың «Қараөткел құпиялары» атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесері өтті.

Previous Next

20 маусым күні Астана күні мерекесіне орай Ұлттық академиялық кітапханада қала тарихын арқау еткен маңызды іс-шара өтті. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаевтың «Қараөткел құпиялары» атты тарихи-танымдық кітабының тұсаукесері өтті.

?Аталған еңбек Астана қаласы Мемлекеттік архивінің ғылым-әдістемелік кеңесінің ұсынысымен жарық көрді.
? Астана қаласы мемлекеттік архиві мен тарихшы Жамбыл Артықбаевтың бірлескен ізденісінің нәтижесінде Архив құжаттары мен тарихшының ғылыми зерделеуі тоғысып бұл еңбек – елорданың мәдени-тарихи тамырын тереңнен танытатын құнды дереккөзіне айналды.
? Іс-шара аясында архив қорынан құралған «Шаһар шежіресі» фотоқұжаттар көрмесі жұрт назарына ұсынылды. Бұл көрме – елорданың қалыптасу тарихын баяндайтын көне фотосуреттер мен құжаттар арқылы өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір іспетті.
? «Қараөткел құпиялары» – Есіл мен Нұраның арасын мекендеген ежелгі Қараөткел өңірінің көмескі тарихын қайта сөйлеткен, Астана атауының артында жатқан терең мағыналарға үңілткен ерекше еңбек.
Бұл еңбек – тарихқа қызығушы оқырманға, жастарға әсіресе оқушылар мен студенттерге арналған. Отаншылдық пен танымдық тәрбиені ұштастыра отырып, жас ұрпақтың тарихи жадысын жаңғыртуды мақсат еткен еңбек.
Записаться на прием

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары