Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Архив қорларының сипаттамасы

 «Астана қаласының мемлекеттік архиві» КММ қорларының сипаттамасы

 

Астана қаласының мемлекеттік архиві (бұдан әрі – Архив) Ақмола қаласы әкімінің 1995 жылғы 23 қарашадағы шешімімен құрылды. Архив мекемесі Ұлттық архив қорының құжаттарын және қала аумағында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардың ведомстволық және жеке архивтерінің басқа да архивтік құжаттарын қабылдауды, сақтауды, есепке алуды және пайдалануды жүзеге асырады.

Архивте елорданың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінің маңызды тұстарын сипаттайтын, тарихи оқиғаларды, қоғам мен қаланың, халық шаруашылығының даму кезеңдерін, мәдени құрылысты, республикамыздың саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет, өнер өкілдерінің өмірін көрсететін құжаттар сақтаулы.

Архив құжаттары бойынша елорда тарихын 1912 жылдан бастап бақылауға болады. Қазіргі уақытта архивте 777-ден астам қор бар, онда 412 012-ден астам сақтау бірлігі есепте тұр, соның ішінде: тарихи қорлар (революцияға дейінгі), басқару құжаттамасы, жеке құрам бойынша құжаттар, жеке тектік құжаттар (жеке қорлар), фотоқұжаттар.

Қорлар:

  • Басқару құжаттамасы – 593 қор;
  • Жеке тектік құжаттар – 107 қор (оның ішінде фотоқұжаттар – 9 қор);
  • Жеке құрам бойынша құжаттар – 66 қор;
  • Партиялық-комсомолдық құжаттар – 70 қор;
  • Ғылыми-техникалық құжаттама (ҒТҚ) – 2 қор;
  • Фотоқұжаттар – 9 қор.

Құжаттар:

  • Қағаз негізіндегі құжаттар – 410 041 сақтау бірлігі (с.б.), соның ішінде:
    • Басқару құжаттамасы – 227 240 с.б. (оның ішінде партиялық-комсомолдық құжаттар – 19 828 с.б.);
    • Жеке тектік құжаттар – 9 051 с.б.;
    • Ғылыми-техникалық құжаттама – 10 665 с.б.;
    • Жеке құрам бойынша құжаттар – 163 085 с.б. (оның ішінде партиялық-комсомолдық құжаттар – 27 098 с.б.).
  • Аудиовизуалды құжаттар – 1 971 с.б., соның ішінде:
    • Фотоқұжаттар – 1 872 с.б.;
    • Фоноқұжаттар – 37 с.б.;
    • Видеоқұжаттар – 62 с.б.

Сондай-ақ, Біріктірілген архив қорында (БАҚ-430) шетелдік архивтер мен республикамыздың Орталық архивтерінен табылған XVIII-XX ғғ. (1917 жылға дейінгі) архивтік құжаттар коллекциясы ұсынылған. Мұнда әкімшілік, сот, межелеу, жерге орналастыру, қаржы, шаруашылық мекемелерінің, халық ағарту, земстволық және қалалық өзін-өзі басқару органдарының және т.б. қызметін көрсететін көптеген құжаттар жинақталған. Бұл материалдар қала мен уездің әлеуметтік-экономикалық жағдайын кеңінен ашады.

Ерекше қызығушылық тудыратын құжаттар:

  • Абылай сұлтан мен Қоңырқұлжа Құдаймендин сұлтанның императрица Екатерина Алексеевнамен хат алмасуы;
  • Абылай ханның патша үкіметіне ант қабылдау туралы хаты;
  • Сенат жарлықтары;
  • Сұлтан Кенесары Қасымов бастаған «бүлікшіл қырғыздардың» (қазақтардың) іс-қимылдарын қадағалау туралы іс және т.б.

Кеңестік кезең Ақмола қаласындағы социалистік құрылыс тарихын бейнелейді: Кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы, өнеркәсіп кәсіпорындары, Азамат соғысы, халық шаруашылығын ұйымдастыру, қалпына келтіру және дамыту, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, халық ағарту ісінің дамуы және т.б. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезеңі Ақмола қалалық еңбекшілер депутаттары кеңесі атқару комитетінің, ауыр машина жасау зауыттарының, трестердің және кәсіптік артельдердің қорларында кеңінен көрініс тапқан.

1961-1965 жж. Тың өлкесі мекемелерінің қоры маңызды орын алады. Ол Тың өлкесінің құрамына кірген Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарындағы әлеуметтік-экономикалық құрылыс тарихын ашады.

Қазақстанның Тәуелсіздік кезеңі мен жаңа елорда тарихына қатысты бірегей құжаттар ерекше қызығушылық тудырады. Олардың қатарында: елорданы көшіру, қаланың атын өзгерту, қала инфрақұрылымының өсуіне ықпал еткен арнайы экономикалық аймақты ашу туралы Президент Жарлықтары, сондай-ақ жаңа елорданың серпінді дамуының жанды куәсі болып табылатын құжаттар мен киноқұжаттар бар.

Архив адамдар мен елорда тарихының шынайы айғағы болып табылатын бағалы деректі байлықтарды – жеке қорларды сақтайды. Жеке тектік қорлар өндірісті ұйымдастыруға, ғылым мен техникаға өзіндік шығармашылық үлес қосқан, жаңалық ашқан, құрастырған және ғылымда жаңа сөз айтқан экономика саласының көрнекті қайраткерлері туралы естелікті сақтайды.

Архивтегі фотоқұжаттар қала тарихындағы елеулі оқиғаларды, өнеркәсіптің, мәдениеттің, білім берудің және қала өмірінің басқа да салаларының дамуына үлес қосқан тұлғаларды бейнелейтін позитивтерден тұрады.

Записаться на прием

Joomla! Debug консолі

Сессия

Профиль туралы ақпарат

Жадты пайдалану

Дерекқор сұраулары