Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Қалпына келтіру

ҚҰРМЕТТІ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ, ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ, АРХИВ ЖӘНЕ КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ЖЕКЕ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР, БІЗ АСТАНА ҚАЛАСЫ АУЕЗОВ КӨШЕСІ 3 МЕКЕН-ЖАЙЫНДА ОРНАЛАСҚАН АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ, ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ҚЫЗМЕТІ КЕЛЕСІ АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰСЫНАМЫЗ:

- Зақымдалған құжаттарды қалпына келтіру: жыртылған, әртүрлі сипаттағы тесіктер (тескіш, қағаз қыстырғыштар, инелер), жапысқақ таспаны алу (скотч);

- Жоғалған бөліктерін толықтыру;

- Құжаттарды санитарлық-гигиеналық өңдеу (шаңнан тазалау);

- Көгерген жерлерін жою (дезинсекциялау);

- Архив қораптарын жасау;

- Құжаттарды түптеу;

- Архивтер мен кітапхалардың қызметкерлерін реставрация саласы бойынша оқыту.

Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Ауезов көшесі, 3 

 Астана қаласының Мемлекеттік архиві, Құжаттарды қалпына келтіру қызметі

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҰСЫНЫС

қағаз негізіндегі құжаттарды қалпына келтіру бойынша оқу курстары архив, кітапхана және музей қызметкерлері үшін

Құрметті әріптестер!

Сіздердің назарларыңызға қағаз негізіндегі құжаттарды қалпына келтіру бойынша оқу курстарын ұсынамыз. Курстар архив, кітапхана және музей мекемелерінің қызметкерлеріне арналған.

Қазіргі архивтерде, кітапханаларда және музейлерде сақталған тарихи құжаттар уақыт өте келе табиғи түрде тозуға, механикалық зақымдануға, ылғал мен шаң сияқты жағымсыз факторлардың әсеріне ұшырайды. Мұндай құжаттарды уақытылы қалпына келтіру – оларды ұзақ мерзімге сақтау мен мәдени-тарихи мұраны келер ұрпаққа жеткізудің маңызды құралы.

Қағаз негізіндегі құжаттарды қалпына келтіру бойынша оқу курсы мамандарға архив материалдарды кәсіби стандарттар мен әдістемелерге сай сақтап, қалпына келтіру бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.

 Оқу екі бағытта жүргізіледі:

Базалық курс – бастаушы қызметкерлерге арналған

 Ұзақтығы: 5 жұмыс күні (бірінші жартыжылдық)

 Бағасы: 125 000 теңге

Тереңдетілген курс – жалғастырушы мамандарға арналған

Ұзақтығы: 5 жұмыс күні (екінші жартыжылдық)

Бағасы: 125 000 теңге

Толық оқу курсының (базалық + тереңдетілген) бір қатысушыға арналған жалпы құны – 250 000 теңге.

Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға біліктілігін арттыру сертификат беріледі.

Өткізу орны:

«Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі, Құжаттарды қалпына келтіру және сақтау құралдарын дайындау қызметінің кабинеті мен зертханасы.

 Іссапар шығындары (жол ақысы, тұру, тәуліктік төлемдер) жіберуші тараптың есебінен төленеді. 

Сіздермен ынтымақтастық орнатуға қуаныштымыз және оқу курсы пайдалы әрі тәжірибеге бағытталған болады деп сенеміз.

«Астана қаласының Мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі Мекен жәй: Астана қ., М. Әезов көшесі, 3 үй
Байланыс телефоны: +7 (7172) 28 07 23; + 7 (775) 127 36 20

Записаться на прием