Бүгін Астана қаласының мемлекеттік архиві мен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы “Ерлік даңқы ешқашан өшпейді” атты алқалы жиын өткізді. Жиын барысында “АҚМОЛА ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА” атты фотоқұжаттар жинағы мен “ЕСТЕЛІККЕ АЙНАЛҒАН ЕСІМДЕР” электрондық деректер базасы таныстырылды.
Бұл еңбектер Ақмола қаласынан шыққан майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлікке толы өмір жолын архив деректері арқылы қайта тірілтті. Әрбір есім – тағдыр, әрбір құжат – тарих.
Бүгінгі буын үшін бұл тек дерек емес, ерліктің, рухтың және елге деген сүйіспеншіліктің жарқын айғағы. Ешбір ерлік ұмытылмайды, ешбір есім ескерусіз қалмайды.