Іс-шараға қатысудың мақсаты деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) құру мен пайдалану саласындағы заманауи технологиялармен, IT-инфрақұрылымның істен шығуға төзімділігін арттыруға арналған шешімдермен, сондай-ақ жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулер технологияларын қолдану перспективаларымен танысу болды. Мемлекеттік архивтің серверлік инфрақұрылымын жаңғырту барысында қолдануға болатын шешімдерге ерекше назар аударылды.
Семинар барысында деректерді өңдеу орталықтарына арналған практикалық шешімдер таныстырылды. Олардың қатарында резервтік электрмен жабдықтау жүйелері, чиллерлік және сұйықтық арқылы салқындату жүйелері, газбен өрт сөндіру жүйелері, BMS/DCIM мониторинг жүйелері, цифрлық егіз технологиясы, контейнерлік және модульдік деректерді өңдеу орталықтары, сондай-ақ жасанды интеллектке (AI) байланысты жоғары тығыздықтағы жүктемелерге арналған шешімдер бар.




