АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫҢ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТІ Абай – адамзат тарихындағы ұлы ойшылдардың шығармаларынан, философиялық ойтолғамдарынан, көркемдік қазынасынан барынша терең сусындаған, тұрлаулы тұжырымдар туындатқан, шын мәнісіндегі хакім еді. Ойдың да, тілдің де көсемі еді. Оның шығармашылық еңбегінде Шығыстың классикалық көркем мәдениетінің әсері жарқын көрініс тапқан. Оның басты себебі – араб-парсы, шығыс тілдерін және Шығыс өркениетін жетік білген-ді. Үнді, араб-парсы, Орта және Орталық Азия халықтарының ертек- аңыздарының негізінде жырланған «Шахнама», «Тотының тоқсан тарауы», «Мың бір түн» хикаялары мен «Жүсіп-Зылиха», «Хұсрау-Шырын», «Атымтай Жомарт», «Бозжігіт», «Тахир-Зухра» және т.с.с. дастандардың тағылым-тәжірибесін, құдіретін бойына, болмысына дарытқан. Шығыс мәдениеті сан қатпарлы, терең тамырлы, алуан түрлі әдеби-мәдени және тарихи дәстүрлерді бойына сіңірген адамзат тарихындағы көркем құбылыс. Бұған араб-парсы, үнді-қытай, көне иран өркениеті(бұған X ғасырда араб-мұсылман мәдениеті қосылады) енеді. Толығырақ «Архив хабаршысы» журналының №2 2025 г. шығалымынан оқи аласыздар ⬇️❗️❗️❗️ https://gosarhiv.kz/.../_%D0%90%D0%A0%D0%A5%D0%98%D0%92... Алдағы уақытта «Архив хабаршысы» журналының №3 шығарылымы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналып шығарылатын болады.
Жаңалықтар
АБАЙ ЖӘНЕ ШЫҒЫСТЫҢ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТІ
Қаралды: 22