Бүгін, 8 тамыз күні Астана қаласының Достық үйінде ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған «Ұлы Абай – рухани темірқазық» атты дөңгелек үстел өтті.
Жиын барысында елордалық зиялы қауым жиналып, Абай мұрасының бүгінгі рухани кеңістіктегі орны жайлы ой бөлісті. Астана қаласы Мемлекеттік архивінің директоры Жангелды Бимолдин сөз сөйлеп, архив пен әдебиеттің, тарих пен ұрпақ сабақтастығының мәнін атап өтті.
Шараға Ассамблея мүшелері, мәслихат депутаттары, ардагерлер, этномәдени бірлестіктер мен жастар өкілдері қатысты.


• Сансызбай Есилов – Ардагерлер кеңесінің төрағасы
• Алтынай Асқарова – ф.ғ.к., «Абай академиясы» ҒЗИ
• Сергей Садыков – «Таң» этномәдени орталығы
• Жангелды Бимолдин – Мемлекеттік архив директоры
• Гульбадан Мадибаева – Қалалық кітапханалар жүйесі
• Арман Шеризатов – «Руханият» мекемесінің басшысы болды.



Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, мәслихат депутаттары, мәдениет пен ғылым өкілдері қатысты. «Абай өлеңі әлем тілдерінде» атты халықаралық челлендж аясында түрлі тілде Абай жыры оқылып, тың эмоциялар мен жаңа әсер сыйлады.
Абай тек өткеннің емес, бүгіннің де темірқазығы екенін тағы бір мәрте сезіндік.