Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

Архив ісіндегі жасанды интеллект: Астана қаласының мемлекеттік архиві мен AIQALAM бірлескен жобасын таныстырды

Previous Next

2026 жылдың 24-25 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ-нің ұйымдастыруымен «Ғылыми-техникалық құжаттама архивтері: өзекті мәселелер және даму тенденциялары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция жұмысының Архив қызметінің негізгі бағыттарында жасанды интеллектті қолдану аясы бағытында Астана қаласының мемлекеттік архивінің директоры орынбасары Ардақ Мұқашқызы «Жасанды интеллектті қолдану арқылы ведомстволық архивтерді толықтыру қызметін цифрлық трансформациялау: Құжаттарды интеллектуалды талдау және сараптамалық ұсынымдарды автоматтандырылған түрде қалыптастыру» баяндама жасап, Астана қаласының мемлекеттік архиві мен AIQALAM компаниясының бірлескен жобасының архивтік құжаттарды тексеруге және сараптамалық ескертулерді дайындауға жасанды интеллектіні қолданатын платформасымен таныстырды. Бұл жобада жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін сарапшы бір терезеден бастапқы құжатты, анықталған позициялар мен қалыптастырылған ескертулерді көре алады. Бұл жүйенің әрбір қорытындысын бірден тексеруге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде жасанды интеллектті қолдану арқылы ведомстволық архивтерді толықтыру қызметін қолмен атқарылатын жұмыс көлемін азайтып, құжаттарды қарау процесін жеделдетуді және елеулі қателердің назардан тыс қалу қаупін төмендейтіндігін атап өтті. Жобаның басты артықшылығы – архивистердің кәсіби тәжірибесі мен заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін біріктіру.

Астана қаласының мемлекеттік архиві жобаның сараптамалық бөлігіне жауап береді: құжаттарды тексеру қағидаларын, өлшемшарттары мен тәртібін айқындайды. Ал, AIQALAM компаниясы платформаны техникалық әзірлеуді және жасанды интеллектінің жұмысын қамтамасыз ететіндігін атап өтті.

Записаться на прием