Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2026 жылғы 25 ақпанда Астана қаласының Мемлекеттік архиві ұйымдастыруымен «Білім және адами капитал» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Previous Next

Іс-шараға «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық штабының мүшелері, архив қызметкерлері және А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты 1 курс студенттері (жетекшісі – Макипов Асқар Сабиханович) және Астана қаласы әкімдігінің Жоғары медициналық колледжі 3 курс студенттері (жетекшісі – Жазира Амангелдіқызы) қатысты.

Кездесудің мақсаты – білім мен адами капиталдың мемлекет дамуындағы стратегиялық маңызын насихаттау, жастардың өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін талқылау және оларды қоғамның сапалы өзгеруіне белсенді атсалысуға шақыру.

Жиында Разбекова Ляззат Муратовна мен Мырзалиева Мөлдір Мырзалықызы сөз сөйлеп, жаңа Конституция жобасында заң үстемдігін күшейту, адам құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру, сондай-ақ азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелері қамтылғанын атап өтті. Сонымен қатар жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуы, еріктілік қозғалыстарды дамыту және әлеуметтік бастамаларды қолдау бағыттары да сөз болды.

Дөңгелек үстел ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар Конституциялық жаңғыртулардың ел болашағы үшін маңызын ерекше атап өтті. Жастардың белсенді ұстанымы – әділетті әрі прогрессивті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам екені айтылды.

 

Записаться на прием