Кеңсе+7 7172 28-07-41 (іб.126) , Қабылдау бөлімі+7 7172 28-07-41 (іб.114)
"Астана қаласының Мемлекеттік архиві" мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

2025 жылғы 15–16 мамыр күндері Астана қаласы Мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Мемлекеттік архив: архив саласындағы менеджмент» тақырыбындағы оқу семинарына қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Previous Next
2025 жылғы 15–16 мамыр күндері Астана қаласы Мемлекеттік архивінің қызметкерлері «Мемлекеттік архив: архив саласындағы менеджмент» тақырыбындағы оқу семинарына қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің қолдауымен ұйымдастырды. Семинар бағдарламасы аясында қатысушылар архив ісінің келесі маңызды бағыттары бойынша теориялық білім мен практикалық дағдылар алды: ▪️ архив саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу ▪️ архив мекемелерін басқару ▪️ стратегиялық жоспарлау әдістемесі ▪️ архив саласындағы менеджмент әдістері ▪️ қызметтік пайдалану үшін арналған құжаттармен жұмыс ерекшеліктері ▪️ қорларды жүргізу және сақтау ісін ұйымдастыру ▪️ архив саласындағы PR-менеджмент ▪️ заманауи архив технологиялары С. Тащановаға, ҚР МӘМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті басқармасының басшысына және С. Нұрлановаға, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директорына стратегиялық жоспарлау әдістемесі мен архив саласындағы менеджмент әдістері бойынша мазмұнды әрі шабыттандыратын дәрістері үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің кәсіби тәжірибелеріңіз қатысушылар үшін өте құнды болды. Сондай-ақ, семинардың барлық лекторларына жоғары деңгейде ұйымдастырылған оқу, практикалық мазмұн және тәжірибе алмасуға ашықтығы үшін алғысымызды білдіреміз. Алынған білім архив саласының дамуына және тиімділігін арттыруға зор үлес қосады деп сенеміз
Записаться на прием