Құжаттарды қалпына келтіру және сақтау құралдарын дайындау қызметі жұмысының бірінші кезеңі
Жұмыс барысы сипаттамасы:
«Астана қалалық мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің Құжаттарды қалпына келтіру және сақтау құралдарын дайындау қызметі архив қорындағы құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған кешенді жұмыстарды жүзеге асырады, соның нәтижесінде құжаттардың физикалық жай-күйі жақсартылып, олардың ұзақ мерзім сақталуы қамтамасыз етіледі.
Қызметтің негізгі міндеттері – реставрацияға түскен құжаттарды бастапқы қабылдау, тіркеу және техникалық сараптау жүргізу
құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары міндетті түрде санитарлық қауіпсіздік шараларынан басталады, құжаттар герметикалық капсуладан шығарылды. Бұл кезеңде негізгі мақсат – жойылған биологиялық зиянкестердің қалдықтарын және шаң-тозаңды құжат бетінен қауіпсіз түрде тазалау болды.
Жұмыс барысы:
– Құжаттар капсуладан мұқият түрде алынды;
– Әрбір құжаттың физикалық жағдайы алдын ала тексерілді;
– Арнайы төмен қуатты, сүзгісі бар пылесос (вакуумдық құрал) қолданылып, құжат бетіндегі шаң, өлген жәндіктердің қалдықтары және басқа да бөгде бөлшектер тазартылды;
– Тазалау процесі құжатқа зақым келтірмейтін жұмсақ режимде жүргізілді;
– Қажет болған жағдайда жұмсақ щеткалар мен қосымша құралдар пайдаланылды.
Нәтижесінде құжаттар бетіндегі барлық бөгде қалдықтар жойылып, олар әрі қарай қалпына келтіру (реставрация) жұмыстарына дайын күйге келтіріледі.
Аталған жұмыстар архив құжаттарының тарихи және мәдени құндылығын сақтап, келешек ұрпаққа жеткізуге бағытталған.








