Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Өмірсерік Қожабаев архив қорына құжаттарын тапсырады

Previous Next

Өмірсерік Қожабаев архив қорына құжаттарын тапсырады

ҚР Жоғарғы Сотының Құрметті судьясы, заңгер Өмірсерік Қожабаев жеке тектік қор ашуы үшін Астана қаласы мемлекеттік архивіне құжаттарын тапсыратын болды.
- Мен қызмет еткен уақыттан бері жиналған құжаттардың
түпнұсқасын, кейбір құнды қағаздардың көшірмесін, архивке тапсыруға шешім қабылдадым. Алдағы уақытта арнайы келісім жасасуға уағдаластық. Бүгін кітаптың тұсаукесерін пайдалана отырып, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин мырзаға кітаптың бір данасын тапсырып отырмын. Алдағы уақытта қолжазбаларымды да тапсырамын,-деді заңгер Өмірсерік Қожабаев.
Айта кету керек, Өмірсерік Қожабаевтың «Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін» кітабының таныстырылым өтті. Бұл кітап Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай облысы, Абай ауданының әкімшілігі мен «Абай-Жидебай» қорының тапсырыс беруімен жарық көріп отыр.
Записаться на прием