Публикации
ӘЛМҰҚАН СЕМБИНОВ ТАҒДЫРЫ ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН...
Просмотров: 38
ӘЛМҰҚАН СЕМБИНОВ ТАҒДЫРЫ ТАРИХҚА АЙНАЛҒАН... Күні кеше Астана қаласының ұжымының үлкен бір еңбегі жарық көрді. Аталған басылымда үш дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері, соғысқа қатысушы Әлмұқан Сембиновтің (1924-1972) қилы тағдыры құжаттар негізінде баяндалады. Басылымда майдандас достарының суреттері, отбасылық бейнелері толық қамтылған. Осы арқылы қайсар рухты батырдың жай оғындай ерлігі насихатталып, өскелең ұрпаққа қажетті өнегесі көрсетіледі. Соғыстан келген сарбаздың ел игілігі жолындағы ерен еңбегі, мағыналы өмір жолы толық қамтылған.
Құжатты жинақ өз тарихын өзі жасаған тұлға туралы білгісі келетін барлық оқырман қауымға арналады.