Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Халық жаулары туралы түйіндер бойынша өткізілген партия жиналыстары жөнінде саяси бөлім бастығы т. Величкиннің Теміржол бөлімшесінің саяси бөлім бастығы т. Қадыровқа  жолдаған хабарлама

Previous Next

Халық жаулары туралы түйіндер бойынша өткізілген партия жиналыстары жөнінде саяси бөлім бастығы т. Величкиннің Теміржол бөлімшесінің саяси бөлім бастығы т. Қадыровқа жолдаған хабарлама

Ақмола қаласы 1937 жылғы 11 маусым
Жедел
Теміржол бөлімшесінің саяси бөлім бастығы жолдас Қадыровқа.
Көшірме: «Омбы теміржолшысы» газетінің редакциясына
Бүгін прокуратура хабарламасын алғаннан кейін түйіндер бойынша партия ұйымдастырушыларының жиналыстары өткізілді. Кешкісін Ақмолада КСРО прокуратурасының халық жаулары – троцкистік, жапон-неміс фашист агенттері туралы хабарламасы бойынша жабық партия жиналыстары өткізілді. Жиналыстар Ақмола бөлімше басқармасында, депо, станция, Райтрансторгпит мекемелерінде, Қарағанды түйініне қарасты барлық ұйымдарда өтті.
Сондай-ақ, Қарағандыдағы депо, вагон депосы, жол, құрылысшылар, Қарағанды-Сұрыптау станциясы жұмысшылары, Ақмоладағы кондукторлық резерв пен құрылысшылар арасында митингілер өткізілді. Қазіргі уақытқа дейін бұл митингілерге 670 адам қатысты. Пікірталастарға 54 адам шықты.
Айта кету керек, Ақмолада өткен партия жиналыстары тек түнгі 12-де аяқталды (басқарма, Ақмола депосы). Бөлімшенің саяси ластанғаны туралы көптеген фактілер анықталды. Мысалы, ст. Астаховкадағы кәсіподақ ұйымдастырушысы Лущенко кулак болып шықты. 56-разъезде жұмыс істейтін стрелочник Аксенов та кулак екені анықталды – бұл факт оның қызының сөзі арқылы белгілі болды: ол әкесінің ағасы – кулак Аксенов – арнайы қоныстандырудан оларға келіп жүр деп айтып қалған.
Партия жиналысында басқармада мынадай факт ашылды: Ақмола бөлімшесінен кулак ретінде жұмыстан шығарылған ДСП Плотников кейін Казакстройпуть мекемесіне жұмысқа орналасып, одан әрі РККА (Қызыл армия) қатарына кіріп кеткен.
Жиналыста сөйлеген жұмысшылар жауларды ату жазасына кесуді талап етті. Мысалы, кондуктор Харьков, Чуевтер «Мен Қиыр Шығыстан РККА қатарынан транспорт саласына келдім, бұл жаулар мен опасыздарға деген өшпенділігімді сөзбен жеткізу мүмкін емес, олар біздің Қызыл Армияның қуатын әлсіретіп жатыр. Мен Жоғарғы Соттан бұл троцкистік, фашизмнің жалдамалыларын атып тастауды сұраймын. Жолдас Сталин бізді большевиктік қырағылыққа шақырды. Міне, бүгін кондуктор Дудник сапардан бас тартты – бұл адам, сөзсіз, жау, транспорт саласына алдау арқылы кірген. Біз, кондукторлар, тек резервтегі емес, жолдағы өзге қызмет адамдарын да бақылап, апатсыз жұмысты қамтамасыз етуіміз керек», – деді.
Саяси бөлім бастығы Величкин.
Астана қ, МА 5П-қор, 1-тіз., 18-іс, 57-б. Көшірме.
Қорытынды: 1937 жылғы 11 маусым. Ақмола қаласы мен Қарағанды теміржол тораптарында кезекті "саяси серпіліс" – халық жауларын әшкерелеуге арналған жаппай партия жиналыстары өтті. Бірақ бұл шын мәнінде – сталиндік репрессияның шымылдығының тағы бір шетін ашатын, жазықсыз жандардың тағдырын тәлкекке салған трагедияның көрінісі еді.
Кеңестік саяси жүйе «троцкист», «фашист агенті», «жапон тыңшысы» деген жала жаппай, бірде-бір мекемені қалдырмады.
Нұрбақыт Бейсенұлы, Астана қаласы Мемлекеттік архивінің қызметкері, тарихшы
Записаться на прием