Кеше «Фолиант» баспасы мен «Меломан» кітап дүкенінің мұрындық болуымен «Bookfest» кітап фестивалі аясында «Жошы хан» кітабының авторы Ұларбек Дәлейұлымен кездесу өтті. Шара тізгінін ақын Асантемір Қаршығаұлы ұстады.
«Keruen City» ойын сауық орталығындағы «Меломан» кітап дүкенінде өткен кездесуге кітапқұмар ағайын жиналып, авторға сауалдар жолдады. Кітаптың жазылу тарихы жайлы қызықты әңгімелер айтылып, оқырман қауымға сыйлыққа кітап табыс етілді.




