Астана қаласы Мемлекеттік архивінің ақпараттық порталында "Естелікке айналған есімдер" электрондық деректер базасы ашылды. Мұнда екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың тегі алфавиттік ретпен орналастырылған. Оң жақта орналасқан іздеу терезесі арқылы
- Реттік нөмірі;
- Тегі;
- Аты;
- Әкесінің аты;
- Ұлты;
- Туған жері;
- Шақыру күні;
- Әскери атағы (лауазымы);
- Сарбаздың тағдыры бөлімдерін табуға болады. Сонымен қатар, "Ұлт" деп аталатын айдар бойынша қазақ, орыс, украин, беларусь, еврей, татар және басқада ұлт өкілдерінің мәліметіне қанық боласыз. Ал, "Шақыру күні" қосымша бетінде жылдар легі қалыптасқан. Атап айтқанда 1939, 1940, 1941, 1942, 1943, 1944, 1945 жылдарға дейінгі аралық толық қамтылған.