Публикации
Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына байланысты Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жыр алаңындағы Жұбан...» тақырыбында поэзиялық кеш өтті. Аталған шараны ҚР «Орталық мемлекеттік архиві», Астана қаласы мемлекеттік архиві
Просмотров: 44
Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына байланысты Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жыр алаңындағы Жұбан...» тақырыбында поэзиялық кеш өтті.
Аталған шараны ҚР «Орталық мемлекеттік архиві», Астана қаласы мемлекеттік архиві және "Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ бірлесіп ұйымдастырды.
Мақсаты Жұбан ақынның жырларын ұрпақ жадында жаңғырту болатын. Шара шымылдығын ашып берген Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин "Жұбан Молдағалиевті таныстырып жатудың өзі артық. Себебі, қайсар рухты жырдың иесі Жұбан ақынды біздің ұрпақ жақсы біледі деп ойлаймын. Себебі, ақынның жазған жырларын жатқа оқып өстік. Биыл өздеріңіз білетіндей ақынның 105 жылдығы. Бүгінгі шара ақынның тойына арналып отыр" деді.