Бүгін Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының қызметкерлері Астана қаласының мемлекеттік архивінде болып, елорда тарихының бастауы саналатын Қараөткел өңірінің XIX ғасырдағы зиялы азаматтарының өмірі мен қызметіне қатысты зерттеу жұмысын жүргізді.
Сапар барысында зертеушілер Ақмола өңіріндегі эпиграфика тарихы мен жазба деректердің ерекшеліктері жөнінде пікір алмасты, архив қорындағы тарихи құжаттармен танысып, Қараөткел кезеңіндегі мәдени, әлеуметтік және рухани өмірдің кейбір тұстарын ғылыми тұрғыда зерделеу бағыттарын талқылады.




