«Астана қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі "Esirtkisiz Elorda" әлеуметтік жобасы аясында іс-шара өтті.
2025 жылдың 20 қарашасы күні сағат 10:00-де «Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ елордалық жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Esirtkisiz Elorda" әлеуметтік жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Шара барысында архив қызметкерлері зиянды әдеттердің денсаулыққа және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы кең көлемде ақпарат беріп, дұрыс таңдау жасаудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан әріптестер екі топқа бөлініп, стрестік тұрақтылықты анықтауға арналған тест сұрақтарына жауап беріп, психологиялық тұрақтылық деңгейін бағалау бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
Іс-шара тартымды форматта өтіп, пікір алмасу, сұрақ-жауап, бейнематериалдар көрсету сияқты бөлімдерді қамтыды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, мұндай шаралардың жастар үшін өте маңызды екенін атап өтті.
«Астана қаласының мемлекеттік архиві» ММ алдағы уақытта да жастардың саналы, белсенді және зиянды әдеттерден ада болуына бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыратын болады.




