Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

АБАЙ МЕН МӘШҺҮР ЖҮСІП

Previous Next

АБАЙ МЕН МӘШҺҮР ЖҮСІП

Абай 1845 жылы қазіргі ШҚО-ның Жидебай ауылында туса, Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Екеуінің жас аралығы 13 жыл ғана болса да, олардың кездесуі жайлы бүгінде, тек аңыз-әңгімелер ғана бар.
Жазушы Рамазан Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы» романынан:
Мәшһүр Жүсіп Абайдың ұлы Әбдірахман қайтыс болғанда көңіл айтуға барады.
Сонда Абай: «Мәшһүр досым, «Құдай қайда?» дейді. Сонда Мәшһүр жүрегін көрсетіп, «Жүректе» депті. «Рас, Мәшһүр екенсің. Онда менің оң жағыма кел» деп, оны оң жағына отырғызыпты.
Одан кейін Мәшһүрге: «Ай мен күннің арасына жел кірсе не тұтылады?» депті. Мәшһүр: «Ай тұтылады» депті. Ал, «Күн мен жердің арасына ай кірсе не тұтылады?» десе, «Күн тұтылады» депті.
Ал, енді, «Мәшһүр Жүсіп екеуміздің арамызға сөз кірсе не тұтылады?» дегенде, «Жүрек тұтылады» деген екен.



Жазушы, әдебиет зерттеушісі Ақселеу Сейдімбектің ел аузынан жинаған әңгімелерінен:
Бірде, Тобықты еліне жолы түскен Мәшһүр Жүсіп арнайы сәлем беру үшін Абай ақынның үйіне келеді. Табалдырық аттап үйге кіре бергенде Абай тосын сауал қойып: «Ақылдының өзінен бұрын айтқаны жетеді деген. Атың құлағымды сарсылтып еді, шынымен Мәшһүр болсаң айтшы кәне: Құдай қайда? Жұмақ пен тозақ қайда?!» – депті.
Сонда Мәшһүр Жүсіп кідірместен:
– Абайдың құдайының қайда екенін білмедім. Менің құдайым жүрегімде. Ал, жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – жұмақ, ақымақ болса – тозақ! – деген екен.
Абай есті сөзді естігеніне риза болған шыраймен:
– Мәшһүр десе дегендей екенсің! –деп, қолын алып, төрін ұсыныпты.
https://www.ihsan.kz/kk/articles/view/9005

Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындаймыз.
1914 ж.
Міржақып Дулатов

Записаться на прием