Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

Ағалар архивке құжаттарын аманаттады

Previous Next

Ағалар архивке құжаттарын аманаттады

Республика күніне орай Астана қаласы мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Ағалар аманаты» атты тағылымды іс-шара өтті. Шара аясында ҚР Құрметті спорт қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елсияр Қанағатов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Тілеуғали Қышқашбай өздерінің жеке құжаттарын архивке табыстады.
Шара барысында Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры Жангелді Бимолдин Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Елсияр Қанағатовқа Алғыс хат табыстап, мерейтойына орай иығына шапан жапты.
Тағылымды басқосуда 2025 жылы жарық көрген архив басылымдары таныстырылды. Сонымен қатар жуырда ғана жарық көрген «Қайсар рух» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл еңбек – Ұлы Отан соғысының ардагері, ағартушы ұстаз Хакім Сүлейменовтің өмір жолына арналған. Шараға оның қызы Жанна Хәкімқызы, шәкірті Майра Сапарғалиева және студенттер қатысты.
Сөйтіп, архив қоры ағалардың құнды құжаттарымен толықты. Айта кету керек, архив қорында тарихи маңызы зор құжаттар, күнделіктер, хаттар, фотосуреттер мен ғылыми жазбалар сақталған. Архивте тек құжат қана емес, ұрпаққа аманат болған өмір жолының ізі жатыр.
Записаться на прием