Канцелярия +7 7172 28-07-41 (вн.126) , Приемная +7 7172 28-07-41 (вн.114)
ГУ "Государственный архив города Астаны"
Официальный интернет-ресурс

2025 жылғы 4–8 тамыз аралығында Астана қаласының Мемлекеттік архиві қызметкерлері цифрландыру департаментінің басшысы Алкан Балабаннан оқыту курсын өтуде. Түркиядан келген делегациямен бірлескен оқыту архивтік құжаттарды сканерлеу және цифрландыру саласын

Previous Next

2025 жылғы 4–8 тамыз аралығында Астана қаласының Мемлекеттік архиві қызметкерлері цифрландыру департаментінің басшысы Алкан Балабаннан оқыту курсын өтуде. Түркиядан келген делегациямен бірлескен оқыту архивтік құжаттарды сканерлеу және цифрландыру саласында жемісті нәтижелер берді. Екі күндік оқыту барысында электрондық архив ұғымы мен құжаттарды цифрландыру үдерісі қарастырылды.

Түрік әріптестерінің айтуынша, олардың елінде құжаттарды цифрлық форматқа көшіру үдерісі орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтылған.
Делегация цифрландыру барысында қолданылатын заманауи сканерлер, метадеректерді енгізу әдістері және электрондық архив платформалары туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, құжаттардың түпнұсқалығын сақтау, ақпараттық қауіпсіздік пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Записаться на прием