Архив қорларының сипаттамасы

 «Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесі қорларының сипаттамасы

 

         Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві елорданың қоғамдық – саяси, экономикалық және мәдени өмірінің маңызды аспектілерін сипаттайтын, тарихи оқиғаларды, қоғам мен қаланың, халық шаруашылығының даму кезендерін, республикамыздың саяси және мемлекет қайраткерлерінің, ғылым, мәдениет, өнер өкілдерінің өмірі жайы құжаттарын сақтайды.

Сақтаудағы архив құжаттарына сүйене отырып, астананың 1915 жылдан бергі тарихына үнілуіне болады.

Қазіргі уақытта архивте сақтауда 725-тен астам қор  және 390 020-дан астам сақтау бірлігі бар, оның ішінде: тарихи қорлар (революцияға дейінгі), басқару құжаттамасы, жеке құрам туралы құжаттар, жеке тектік құжаттары (жеке қорлар), фотоқұжаттар бар.

Қорлар:

  • басқару құжаттамасы-580 қор;
  • жеке тектік құжаттар- 86 қор;
  • жеке құрам бойынша құжаттар – 49 қор;
  • партиялық және комсомолдық құжатар – 70 қор;
  • ҒТД -2 қор;
  • фотоқұжаттар- 8 қор.

Құжаттар:

  • 388 318 сақтау бірлігі қағаз негізіндегі, оның ішінде;
  • басқару құжаттамасы- 217 507 бірлік (соның ішінде партия және

комсомол құжаттары – 46 737 дана);

  • жеке текті құжаттар- 7 680 дана;
  • ғылыми-техникалық құжаттама – 10 664 дана;
  • жеке құрам бойынша құжаттар – 152 467 дана.

Сондай-ақ Біріктірілген архив қорында (БАҚ – 430) – XVIII – XX ғасырлардағы архив құжаттар жинағы берілген (1917 жылға дейін) шетел архивтері және республикамыздың Орталық архивтерінде анықталған, әкімшілік, сот, шекаралық жерге орналастыру, қаржы, шаруашылық мекемелері, халық ағарту, шаруашылық және қалалық өзін-өзі басқару органдарының қызметін көрсететін біршама құжаттар назарларыңызға ұсынылған. Бұл материалдар қала мен ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын кеңінен көрсетеді. Олардың ішінде ерекше қызығушылық тудыратыны келесі құжаттар. Абылай Сұлтан мен Қоңыр Құлжа Құдаймендин Сұлтанның императрица Екатерина Алексеевнамен хат алмасуы; Абылай ханның ант қабылдау туралы патша үкіметіне жазған хаты, Сенат жарлықтары, Кенесары Қасымовпен бірге көтерліске қатысқан қазақтардың іс-әрекетін бақылау ісі және тағы басқалар.

Архив қорында Кеңестік кезеңді Ақмола қаласындағы социалистік құрылыс тарихының құжаттары көрсетеді. Кеңес өкіметінің орнатылуы мен нығаюы, өнеркәсіптік кәсіпорындар, азамат соғысы, халық шаруашылығын ұйымдастыру қалпына келтіру және дамыту, халық шаруашылығын ұжымдастыру, ауыл шаруашылығы және таптық топтармен күрес, халық ағарту ісін дамыту жұмысшылардың қоғамдық қызметін көрсететін құжаттар сақтауған.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жайында Ақмола қалалық атқару комитетінің Кеңесі депуттарының, ауыр машина жасау зауыттарының, тресттердің, қолөнер артельдерінің, т.б. Қорларының құжаттарында кеңінен көрініс тапты.

1961-1965 жылдардағы тың өлкенің мекемелер қорының маңызы аз емес. Тың өлкесінің құрамына кіретін: Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстарындағы социалистік құрылыстың құжаттары тарихын ашады.

Жаңа Астана тарихының бірегей материалдарында сипатталған Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінің құжаттары ерекше қызығушылық тудырады. Оның ішінде: Елорданы ауыстыру, қаланың атауын өзгерту, қала инфрақұрылымының өсуіне ықпал еткен арнайы экономикалық аймақты ашу туралы Президент Жарлықтары, сондай-ақ жаңа қаланың қарқынды дамуының куәлары болып табылатын құжаттар мен киноқұжаттары.

Сонымен қатар, Архив, елорда мен оның тұрғындарының тарихының шынайы айғағы болып табылатын көрнекті құжаттарды сақтайды. Бұл жеке тектік қорлары. Архивіміздің жеке тектік қорларында өңдірісті, ғылым мен техниканы ұйымдастыруға бірегей шығармашылық үлес қосқан халық шаруашылығының көрнекті қайраткерлері, елімізбен қаламыздың дамуына үлес қосқан, жобалау, ғылымда жаңалық аша білгендігін көрсететін құжаттар сақтаулы. Жеке тектік құжаттар тұлғалардың өмірі мен қызметтерін, ізденістері, шешімдері мен табыстарын баяндайды және де олар жасаған тарихи дәуірдің бейнесін бейнелейді.

Архивтегі фотоқұжаттар қала тарихындағы елеулі оқиғаларды, өнеркәсіпті, мәдениетті, білім беруді және қала өмірінің басқа да салаларын дамытуға белгілі үлес қосқан тұлғаларды көрсететін позитивтермен ұсынылған.