«Астана қаласының Архиві — астананың тарихи жадының сақтаушысы»
Ақмола қаласының Мемлекеттік архиві Ақмола қаласы әкімінің 1995 жылдың 23 қарашасындағы № 3-1-120 шешімімен Целиноград облыстық әкімдігі Басшысының 1992 жылғы 3 сәуірдегі №17 шешімі негізінде қала аумағында орналасқан мекемелер мен кәсіпорындар құжаттарын меншік түріне қарамастан мемлекеттік есепке алу және пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылған болатын.
1998 жылы Ақмола қаласының Астана қаласы болып өзгеруіне байланысты архив әділет органында тиісті қайта тіркеуінен өтіп, 1999 жылдың 23 ақпанынан Астана қаласының Мемлекеттік архиві, 2019 жылдың наурызынан бастап «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» ММ болып (бұдан әрі – Мем. архив) атала бастады.
1998 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының қабылдануы архивтің әрекетін мемлекеттік басқарудың дербес саласы ретінде заңдастырып қана қоймай, сондай-ақ, үшбірлікті міндеттерді орындау үшін тиісті нормативті база құрудың құқықтық негізін жасады: жазбаша тарихи-мәдени мұраны қалыптастыруды, сақтауды және ғылыми қолдануды қамтамасыз етті, архив ісін мемлекеттік реттеуді дамытудың басымдылығын анықтады.
Еліміздің жаңа астанасы архивтің келесі даму кезеңі Астана қ. архивтер және құжаттамалар Басқармасының 2003 жылдың 2 маусымындағы № 08 бұйрығымен жаңа «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мекемесінің Мемлекеттік Жарғысын бекітумен байланысты. Бұл Жарғы бойынша Мемлекеттік архив заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес мекеме. Оның құрылтайшысы-Астана қаласының әкімдігі, уәкілетті органы, мемлекеттік басқару органы – Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.
Мемлекеттік архив қолданыстағы Архив заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы архив ісінің бірыңғай жүйесіне кіреді және өз функцияларын қала аумағындағы мекемелердің ведомстволық архивтері мен құжаттамалары, құжаттарды тұрақты сақтау бойынша атқарады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құрамына жатқызылған.
Қоғамдық қажеттіліктерге жауап бере отырып, архив азаматтар мен заңды тұлғаларға олардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетеді. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 183 қаулысымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Стандарт) сәйкес жеке және заңды тұлғалардың 7 мыңға жуық әлеуметтік – құқықтық сауалдары орындалады.
Бүгінде Астана қаласының архиві бірегей құжаттық байлықтан тұрады, онсыз Қазақстан тарихын елестету мүмкін емес.
Бұл ақмолалықтардың 1915 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі революция, Кеңес одағының құрылуы, ұжымдастыру, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы кезіндегі тылдық өмір, көшіру, депортациялау, тың жерлерді игеру, қалаларды дамыту, ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет, білім мен денсаулық сақтау құжаттарындағы саяси, экономикалық және мәдени өмірінің құжаттары.
Қазақстан тәуелсіздігінің жарқын кезеңдерінің бірі жаңа Астана тарихының бірегей құжаттарында — Президенттің астананы көшіру, қаланы қайта атау, қалалық инфрақұрылымның өсуіне ықпал еткен арнайы экономикалық аймақтың ашылуы туралы Жарлықтарында, сондай-ақ жаңа Астананың қарқынды дамуының тірі куәгерлері болып табылатын құжаттар мен киноқұжаттарда сипатталған.
Қазіргі уақытта мемлекеттік архивте 1915-2020 жылдар кезеңінде жалпы көлемі 393770 мың бірліктен асатын 728 қор сақталуда. Астана архивін толықтыру көздерінің ауқымды тізімі қалыптастырылды. Оған әлеуетті көздерді қоса алғанда, 326 жинақтау көздері енгізілген. Бұдан басқа, архивтерді жеке тектік құжаттармен толықтыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Архивті толықтыру көздері болып табылатын азаматтар тізіміне барлығы 91 қор құрушы енгізілді. Олар — Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мәдениет және өнер қызметкерлері, журналистер, жазушылар, ғылым қайраткерлері және елорданың дамуына елеулі үлес қосқан өзге де танымал тұлғалар.
Өткен жылы архив заңнамасы елеулі өзгерістерге ұшырады, олар көбінесе Архив мәртебесін арттырды. Негізгі заңға тәуелді құжаттар-мемлекеттік, ведомстволық архивтердің жұмыс ережелері, құжаттандыру ережелері Үкімет қаулысымен бекітілген, сол арқылы барлық ұйымдардың ведомстволық сипаты, орындалуы және қолданылуы міндетті.
Алайда, архивтердің міндеті құжаттық ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз етуде ғана емес.
Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында ата-бабаларымыздың өмірі туралы сараптамалық қауымдастық үшін де, қалың жұртшылық үшін де құжаттық куәліктерге қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін қойды.
Әдетте, тарихи сенімді ақпарат алу үшін еліміздің архивтеріне негізінен тарихшы ғалымдар, студенттер, магистранттар, сондай-ақ қандай да бір заңды фактілерді растауды қажет ететін азаматтар жүгінеді.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін Астана қаласының әкімдігі елімізде бірінші болып 2019-2021 жылдарға арналған Астана қаласының мемлекеттік архивінің даму стратегиясын әзірлеп бекітті.
Бекітілген стратегия аясында Астана қаласының архивін жаңғырту басталды. 2019-2020 жылдары елорда әкімдігімен архив қоймалары мен оқу залдарын орналастыру үшін қосымша үй-жайлар бөлінді. Астана «цифрлық архивін» құру бойынша жұмыстар жүргізу үшін заманауи жабдықтар сатып алынды.
Стратегияны іске асыру, архив жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ ауқымды ақпараттық жұмыс архив ісінің дамуын әлемдік озық үрдістер деңгейінде қамтамасыз етуге, архив материалдарының неғұрлым жоғары сапасы мен халыққа қолжетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Максим Горький: «Өткенді білмей, бүгіннің шынайы мағынасын және болашақтың мақсатын түсіну мүмкін емес», — деді. Архивтің маңыздылығы — бұл тарихи оқиғаларды тану мен түсінудің қайнар көзі. Архив материалдық және рухани мәдениеттің жетістіктерін жинақтайды, ұрпақтар байланысының сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бірегей көздің жойылып кетуіне жол бермеу үшін бәрін жасау керек.