Архив жұмысы қызметінің қызметкерлері Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибе алмасуға қатысуы.

Архив жұмысы қызметінің қызметкерлері Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибе алмасуға қатысуы.

2021 жылдың 26 қарашасында  Ұлттық архивтің конференц залында «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Қазақстандағы жазба мұралардың реставрациясы және сақтау мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік семинары өтті. Семинарда А.Р. Райымқұлова ҚР Мәдениет және спорт министрі, Е.М. Еркінбаев ҚР Мәдениет және спорт вице-министрілерінің онлайн құттықтауларынан кейін ҚР МСМ Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы орынбасары Г.Е.Қарсақбаева «Қазақстан Республикасының ұлттық архиві» РММ директоры С.Е.Нұрланова семинарға қатысушыларды құттықтады. Семинар Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ  Реставрация және консервация зертханасында реставрациядан өткен Абай Құнанбайұлының 1909 жылы шыққан өлеңдер жинағын «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі» РМҚК-на салтанатты табыстауы өтті.

Ұлттық архивтің конференц залында өткен семинарда Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғылым ордасы, ҚР Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Орталық мемлекеттік архиві, Павлодар облысының мемлекетік архиві, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттері мамандарының баяндамалары тыңдалып және Сирек кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің қоры бойынша «Ұлттық орталықтағы реставрация мәселелері»  көрме залы мен реставрция және консервация бөлімінің жұмыстарымен бас маман С. Ботабеков таныстырып, тәжірбиесімен бөлісті.

Осы семинарда Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінің мамандары А.Н. Бағдәулетова «Заманауи технологиялармен қалпына келтіру зертханасында оқу және жұмыс жасау. Қағаз құжаттарды қалпына келтіруде заманауи жабдықтарды пайдалану туралы» және  Б.Е. Токсарина «Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінде архивтік құжаттарды цифрландыру және электронды архив құру барысы» атты баяндамалар оқыды.

Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивінің зертхана мамандары А.Ж.Кокумбаева мен А.Ж. Мужубаева Жапон қағазын қолданып, дәстүрлі реставрация жасау бойынша семинарға қатысушыларға мастер-класс көрсетіп қайтты.

Ғылыми-тәжірбиелік семинар соңында Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Болдыков Жандос Бекділдәұлы қатысушыларды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Қазақстандағы жазба мұралардың реставрация және сақтау мәселелері» ғылыми-тәжірбиелік семинарына қатысқаны үшін  сертификаттар табыс етті.