Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен бірлесіп 2021 жылғы 01 шілдеде «Нұр-Сұлтан-болашақтың қаласы» атты фотоқұжаттық көрмесін ашады.

Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен бірлесіп 2021 жылғы 01 шілдеде «Нұр-Сұлтан-болашақтың қаласы» атты фотоқұжаттық көрмесін ашады.

 

Елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы Президентінің Архивімен бірлесіп 2021 жылғы 01 шілдеде «Нұр-Сұлтан — болашақтың қаласы» атты фотоқұжаттық көрмесін ашады.

Көрмеге келушілердің назарына фотоқұжаттар тарихының призмасы арқылы Қазақстан Республикасының Бас қаласының қалыптасуы мен дамуы туралы фотоматериалдар мен архивтік құжаттар ұсынылады және елорда тұрғындары мен қонақтарына Ұлы елдің қалыптасу дәуіріне қызықты саяхат сыйлайды.

Көрме экспозициясына елордалық Архивтың, ҚР Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының жинағынан 100-ге жуық фото және мәтіндік материалдар ұсынылады.

Ашылу күні: 2021 жылғы 1 шілде

Өткізілетін орны: «Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві» ММ ғимаратының сыртқы қоршауларын пайдаланумен көше көрмесі (Кенесары 41).

Айта кету керек, қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, көрме экспозициясы ашық алаңда, қаланың тарихи бөлігінде «көпес Василий Кубриннің үйі» мәдениет ескерткішінде орналасқан.

Нұр-Сұлтан қаласының барлық тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға шақырамыз!

• Санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықтың талаптарына сәйкес!