Ұлттық валюта күні

Ұлттық валюта күні

«Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік архив» ММ бай тарихи-құжаттық мұраларға ие бола отырып, Елбасының мәдени-тарихи мұраларды терең зерттеу бөлігінде қойған бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады, онымен жұртшылықтың қалың топтарын таныстыруға тырысады.
1923-1937 жылдардағы мемлекеттік жинақ кассалары мен қаржы ұйымдарының жұмысына қатысты сақталған тарихи құжаттар негізінде Архив ұлттық валюта күні мен Қаржыгерлер күніне арналған «Теңге — тәуелсіздік символы» атты көрмені жоспарлап отыр.
Көрменің салтанатты ашылуы 2019 жылы 12 қарашада сағат 10: 00-де Ш. Қалдаяқов көшесі, 13 мекен-жайында өтеді.
Көрменің жұмыс кезеңі 2019 жылдың 12-15 қараша аралығында.