Жастар жылына арналған іс-шаралар

Жастар жылына арналған іс-шаралар

 

 

 

 

Бүгін 19 тамыз күні, Жастар жылына арналған іс-шаралар аясында біздің Архивімізге 15 адам келді, олар Ақылды балалар лагерінің қатысушылары! Өскелең ұрпаққа қала тарихын ғана емес және де Архив-ұлттық, мәдени және ғылыми қазына екенін түсіну маңызды! Экскурсия барысында балалар «Көпес Василий Кубриннің үйі» мәдениет ескерткішіне барды, «Ескі қаланың әңгімелері:1941-1945 жж.» квестін дайындау үшін Ұлы Отан соғысы кезіндегі ескі қаланың ғимараттарының тарихын баяндайтын қажетті ақпараттар алды! Ғылыми-зерттеу бөлімінің аға қызметкері А.Б. Алимбаева «Ақмолалықтар майданда және тылда» атты баяндама жасады, іс-шараны өткізу және ақпараттық — түсіндіру жұмыстары бөлімінің басшысы С. А. Бекетаева «Елорда жылнамасына өз атыңды енгіз» акциясының қатысушы Қайыржан Тикшекеевтің бірегей архивтік құжаттарын — майдан кезіндегі латиницада жазылған хаттарын көрсетті. Біздің жас қонақтарымызға тарихқа деген қызығушылық танытқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз және сіздерге ары қарай үлкен табысқа жетіп, тарихтың биік шыңдарынан көрінулеріңізді тілейміз!