«Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» атты көрме ашылды

«Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық дәуірі» атты көрме ашылды

Бүгін сағат 10.00-де Елордада Нұр-Сұлтан қаласының құжаттары негізінде «Нұрсұлтан Назарбаев: жасампаздық кезеңі» атты шығармашылық фотокөрме ашылады.
Шара Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетті басқару лауазымындағы 30 жылдығына орайластырылған. Көрме Нұржол даңғылында шілденің бірі мен тамыздың бірі аралығында өтпек.
Халық назарына тұңғыш президенттің өмірі мен саяси аренадағы ерекше сәттерін бейнелейтін фотоматериалдар мен шығармашылық суреттер ұсынылмақ. Көрме 1990 жылдар мен күні бүгінге дейінгі уақытты қамтиды. Шарала Нұрсұлтан қаласының мемлекеттік архиві, тұңғыш президенттің кітапханасы, Қазақстан суретшілерінің одағы мен National Geographic Qazaqstan журналынан алынған барлығы 90ға жуық экспозиция қойылмақ.
Онда Тұңғыш Президенттің елдегі ірі әлеуметтік нысандарды ашқаны мен әлем көшбасшылармен кездесуін тамашалайды. Мәселен, Талғат Мұсабаевтың 1994 жылы ғарыштық сапардан соң Мир стансасына келіп қонғанда түсірілген тарихи фото бар. Сондай-ақ, халықаралық ұйымдар саммитінде Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік көшбасшылардың ортасында тұрып түскен фотосуреті де бар. Бір айдың ішінде фотокөрмені 45 мыңнан астам адам тамашалайды деп күтіледі.
Қала тұрғындары мен қонақтарын аталған мерекелік шараны көруге шақырамыз.

[gmedia id=136]