2018 жылдың 21 маусымы Астана қаласының мемлекеттік архивінде Астана қаласының мемлекеттік архив директоры А. Көкбас пен Қарағанды облысының ғылыми-техникалық құжаттама жөніндегі мемлекеттік архив басшысы А. Несипбаев арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

Меморандумның мақсаты екі жақты архивтердің арасында сапалы қызмет көрсетудегі өзара іс-әрекеттестікті орнату және архив құжаттарын сақтау және қорғау бойынша жүйелі шешімдерді табудың тиімді тәсілдерін әзірлеу, архив ісі және құжаттама саласында ынтымақтасу.

Меморандумның мәні архив және құжаттама саласы бойынша екі жақтың өзара іс-қимылы болып табылады.

 

 

Осы күні «Ғылыми-техникалық өңдеу, іріктеу және ғылыми-техникалық құжаттамаларды есепке алу мен пайдалану» атты семинар өтті. Бұл семинарға ведомстволық архивтердің қызметін үйлестіру және іс жүргізу, құжаттарды жариялау, пайдалану бөлімінің қызметкерлері және 6 мекеменің («Астана қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы», «Астана қаласының стратегиялық және бюджеттік жобалау басқармасы», «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Астанадағы филиалы, «Үлгілік және тәжірибелік жобалаудың ғылыми-зерттеу институты (Тұрғын үй институты)» ЖШС, «Каздорпроект» ЖШС, «Горкоммунхоз» АҚ) архивистері қатысты.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *