2018 жылдың 21 ақпанында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты Солтүстік Кавказ халықтарының Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылғанына 74 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді

2018 жылдың 21 ақпанында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты Солтүстік Кавказ халықтарының Орта Азия мен Қазақстанға жер аударылғанына 74 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді

Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік мұрағаттардың мәдени-ағартушылық қызметі арқылы еліміздің азаматтарына патриоттық, адамгершілік, рухани тәрбие беру мемлекеттік мекемелермен ұлттық-мәдени орталықтармен, ғалымдармен, республикамыздың білім беру мекемелерінің оқушыларымен әрекеттестігін, мемлекеттілігімізді, Қазақстан халқының бірлігі мен тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісімнің негізі болып табылатын – қоғам құндылықтарының негізін нығайту.

Іс-шара барысында «Депортация»  туралы бейнефильм көрермендерге ұсынылды және «Вайнах» ансамблі өнер көрсетті.

Кездесуде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблея секретариатының меңгерушісі Кусаинова Ләззат Сайтқазықызы, шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Героев Салман Сайдарович,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Мұсағалиева Арайлым Сәбитқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Мұсабалина Гүлнәр Төлепғазиқызы,   Астаны қаласы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы ҚБ-нің ақсақалдар кеңесінің мүшесі  Долаков Муса Магомедович, шешен-ингуш диаспорасының өкілдері: Ягудиев Руслан Едельханович, Сулсанов Башир Ердегеевич, Сукалов Магомед Батаевич, Келигов Юсуп Хасанович, Тумгоев Магомед Баширович және тағы басқалары сөз сөйледі.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, т.ғ.д. Мұсағалиева Арайлым Сәбитқызы қонақтарды «Северный Казахстан как регион политических репрессий и депортаций народов СССР» атты монографиясымен таныстырды. Монография Солтүстік Қазақстанға жер аударылып келген халықтар және саяси репрессияға ұшыраған адамдардың тарихы туралы мәлімет беретін мұрағаттық құжаттардан құралған. Бұл өңір ГУЛАГ-тың бірнеше лагері орналасқан, көптеген адамдардың қайғылы тағдырына куә болған және кеңес мемлекетінің үлкен эксперимент орталығы болған жер.

Дөңгелек үстел аясында ұйымдастырылған көрмеге Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты қорында жинақталған сирек кездесетін құжаттар мен Ресей Федерациясы Ингушетия Республикасының тарихи  Мемлекеттік мұрағатынан табылған құжаттар топтамасы ұсынылды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *