2018 жылғы 16 қаңтарда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында мұрағат қызметіне өмірінің ондаған жылдарын арнаған мұрағатшы Омарова Дәметкен Николаевнаның мерейтойымен құттықтау салтанатты рәсімі өтті

2018 жылғы 16 қаңтарда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында мұрағат қызметіне  өмірінің ондаған жылдарын арнаған мұрағатшы Омарова Дәметкен Николаевнаның мерейтойымен құттықтау салтанатты рәсімі өтті

Мұрағат басшылығы және ұжымы  Д.Н.Омароваға көпжылдық еңбек сіңіргені үшін құттықтау тілектер айтып, алғыс білдіріп, құнды сыйлық пен гүлшоғын ұсынды.

Даметкен Николаевна мұрағат саласында 1984 жылдан бастап 30 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында 2003 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Оның еңбек жолын баяндау көптеген жылдар бойы қызметтес ұжыммен қатар, жас қызметкерлерге де қызықты болды. Көпжылдық қажырлы еңбегі үшін Даметкен Николаевна мұрағат басшылығы, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, қала басшылығы, Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігі тарапынан бірқатар құрмет грамоталары, мерейтойлық медальдармен марапатталды. Д.Н. Омарова «Лучшие люди» энциклопедиясының Батыры  Құрметті белгісіне, «Мәдениет саласының үздігі» белгісіне ие болды. Қазіргі уақытта Даметкен Омарова – мұрағат ісінің ардагері, көптеген мұрағатшылардың ұстазы, жаппай құрмет пен бедел иесі. Даметкен Николаевна мұрағат қызметіне шексіз берілген, астананың мұрағат ісіне өз үлесін қосқан тұлғаның жарқын үлгісі болып табылады.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *