15 қаңтар күні Астана қаласының № 10 мектеп-гимназиясында 7 «г» сынып оқушыларына құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің мұрағатшысы Елена Кулакова «Рухани жаңғыру» жалпыхалықтық бағдарламасын дамыту барысында «Жайнай бер, Астана», «Цвети, Астана» атты дәріс өткізді

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағат қоры – маңызды мәдени, тарихи, ұлттық ресурстық мәліметтердің бірі болып табылады және қоғамның әлеуметтік-мәдени және экономикалық дамуына ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Дәріс Ақмола бекінісінің  19-21 ғасырлардағы уезд, округ, губерния, қала, аймақ, астана болып  құрылуы мен дамуы тарихынан сыр шертетін мұрағаттық материалдар негізінде жасалды. Республиканың астанасын көшіру туралы шешімнің маңызды тарихи мәні болды.Оқушылардың басты назары Ақмола арнайы экономикалық аймағын құруға бағытталған іс-шаралар, жаңа Астананың салынуы, елордамыздағы ірі масштабты оқиғаларды өткізу, Президент Н.Назарбаевтың астана тарихындағы рөліне бағытталды. Дәріс барысында «Астана: өткені, бүгіні» атты видео фильм қойылды.

Дәріс үстінде оқушылар астана тарихына байланысты сауалдарын қойып, толық жауап алып отырды. Дәріс соңында сынып жетекшісі Аусагитова Майим Сәркенқызы және оқушылар алғысын айтып, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының белсенді зерттеушісі болуға даяр екендігін білдірді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *