Кездесуде «НұрОтан» партиясының Сарыарқа ауданы бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Әлімғазина Б.А., Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында депутат Чирков М. В. мұрағат жұмысының негізгі бағыттарымен танысты, басқарушылық, ғылыми-техникалық, аудиокөрнекілік, партиялық-комсомолдық, жеке құрам және жеке шығу тегі бойынша құжаттар сақталған мұрағаттық сақтау қоймаларын қарап шықты. Сонымен қатар, елорданың Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілуі жөніндегі экспозиция құрылған көрме залымен танысты, оған қоса, ғылыми-зерттеу жобалармен, диссертациялармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін оқу залымен танысты.
Чирков М. В. мұрағатта сақталған құжаттардың тарихи-мәдени, деректі құндылығына ерекше назар аударды, олардың қоғамдық қызығушылық тудырып, тарихты танып-білу үшін құжаттарды пайдалану мүмкіндігін атап өтті.
Әңгіме процесінде мұрағат қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру барысы, мұрағаттың қол жеткізген жетістіктері мен болашақтағы жоспарлары туралы сөз қозғады.
Депутат белгілі бір шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелерді талқылауға ерекше көңіл бөлді.
Әңгіме соңында Чирков М. В. мұрағаттың алға қойған міндеттерді іске асыру жөнінде кеңестер берді және мұрағаттың ұжымына адал еңбектері үшін алғысын білдірді.