2017 жылғы 14 желтоқсанда Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Салихұлы Сабильяновпен кездесу өткізілді

Н. Сабильянов 1962 жылғы 1 маусымда Семей облысы, Аягөз ауданы, Шынқожа ауылында дүниеге келді. Алматы қаласында өткен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына белсенді қатысқан. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Іс-шараға Астана қаласының №7,15 мектептерінің оқушылары мен мұрағат қызметкерлері қатысты.

Нұртай Сабильяновтің 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары және депутаттық жұмысы туралы дөнгелек стол басында айтқан әңгімесі қызықты да мағыналы болды. Астананың №7 орта мектебінің оқушысы Айдана Мырзабек  М. Шахановтың «Лаула, лаула, желтоқансаным», ал Кылычқызы Айдана өзі шығарған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған өлеңдерін оқып берді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *