2017 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласының әкімдігіне қарасты «Наркология және психотерапия» орталығында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты астананы Алматы қаласынан Астанаға көшіруінің 20 жылдығына арналған «Елорда тарихы» атты фотоқұжаттар көрмесін ұйымдастырды

2017 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласының әкімдігіне қарасты «Наркология және психотерапия» орталығында Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты  астананы Алматы қаласынан Астанаға көшіруінің 20 жылдығына арналған «Елорда тарихы» атты фотоқұжаттар көрмесін ұйымдастырды

Көрменің мақсаты: астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру тарихын және жаңа елорданың салынуын көрсететін құжаттармен қаланың тұрғындарын таныстыру болып табылады.

Көрме екі бөлімнен тұрды. Орталық қызметкерлері назарларына Астана қаласының Мемлекеттік мұрағат қорынан алынған фотоматериалдар мен құжаттар қойылды.

Көрменің І бөлімі «Елорда тарихы» атты тақырыпқа арналды.

Қазақстанның тарихында астананы Ақмолаға ауыстыру біздің мемлекетіміздің дамуында ерекше жайттердің бірі болып саналады және Ақмола бірқатар факторлардың арқасында таңдалды. Олардың ішінде, географиялық орналасуы, оның жағдайы, транспорттық-коммуникациялық жүйесі және т.т. Оған қоса, еліміздің жалпы ішкі саясатын тиімді іске асырумен, жақын және алыс шетелдермен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтумен байланысты геосаяси мәселелерді  шешу және болашақта мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін Еуразия экономикалық мегаполистерінің бірі ретінде қарастырылды.

Көрменің ІІ бөлімі «Нашақорсыз Астана» атты тақырыпқа арналды.

Нашақорлық, маскүнемдік, ойынқұмарлық — тек емделушінің ғана емес, сонымен бірге оның отбасының да проблемасы, нашақорлықтан маскүнемдіктен зардап шеккен адам өзінің туыстары мен жақындарын да бақытсыз етеді. Дәріс әңгімелесу түрінде өтті.

Дәріс соңында орталықтың қызметкерлері жоғары білікті мамандары-дәрігерлер, психотерапевттер, психологтар алкоголь, нашақорлық, ойынқұмарлыққа шалдыққан науқастарға тиімді мамандандырылған көмек көрсететіні туралы әңгіме қозғады, сонымен қатар зардап шеккендерге дәрілік препараттарды қолданумен  қатар заманауи психотерапиялық технологияларды, пациентті оңалтудан кейін қолдаумен, рецидивке қарсы сапалы емдеудің түрлері кеңінен пайдалануға болатындығы туралы мәлімдеді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *