2017 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасының қолдауымен Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырған астананы Алматы қаласынан Астанаға көшіруінің 20 жылдығына арналған «Тоғыз жол торабындағы Астана» атты фотоқұжаттар көрмесі ашылды

2017 жылғы 7 желтоқсанда  Астана қаласы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасының қолдауымен Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты ұйымдастырған  астананы Алматы қаласынан Астанаға көшіруінің 20 жылдығына арналған «Тоғыз жол торабындағы Астана» атты фотоқұжаттар көрмесі ашылды

Көрменің мақсаты: астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру тарихын және жаңа елорданың салынуын көрсететін құжаттармен қаланың тұрғындары мен қонақтарын таныстыру болып табылады.

Егемен Қазақстанның жаңа астанасы статусын алуына байланысты дамудың жаңа кезеңдерін бейнелейтін Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қорларынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатынан, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған құжаттар алғаш рет ұсынылып отыр.

Көрменің ең жарқын тұсы – Астананың бірінші әкімі Ә.Р. Жақсыбековтің жеке қорынан алынган құжаттары, наградалары, Ақмола қаласына жоғарғы және орталық органдардың көшірілуі бойынша мемлекеттік комиссиясының төрағасы Ф.Х Галимовтің жеке қорынан алынған бірегей фотоматериалдар болып табылады.

Мұрағаттық құжаттарға  қосымша ретінде Астана қаласы әкімдігіне  шетел делегацияларының атынан әртүрлі жылдары берілген сыйкәделер мен сыйлықтар болып табылады.

Көрменің ашылуына  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Халық қаһарманы», генерал-лейтенант Б.Е.Ертаев, Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі А.И. Ничкасов, «Госэкспертиза» РММ-сі аппаратының басшысы, 1992-1998 жж. Ақмола қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.П. Тихонюк, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ профессоры, Қазақстан сәулетшілер Одағының мүшесі В.А.Лаптев, Қазақстан Республикасы ауыл-шаруашылық министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы М.В.Трошихин, ғалымдар, тарихшылар, мұрағатшылар, ғылыми қызметкерлер, қоғам өкілдері қатысты.

Көрме Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының Көрме залында ағымдағы жылғы желтоқсанның аяғына дейін өз жұмысын жалғастырады.

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *