22 қарашада 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласындағы №10 орта мектептің 8 «д» сынып оқушыларына құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Елена Кулакова «Ахмет Байтұрсынов – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты дәріс оқыды

Дәріс Орынбор Мемлекеттік мұрағатынан әкелінген ХІХ-ХХ ғасырлар тарихи және мұрағаттық құжаттар негізінде құрастырылған, оның ішінде «Қазақ» газетінің редакторы А.Байтұрсыновты қамауға алу туралы Орынбор губерниясы басты басшысының қаулысы. Сонымен қатар оқушылар назарына «Қазақстанның даму тарихының өзекті мәселелері мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы» атты материалдар жинағы ұсынылды.

Ахмет Байтұрсыновтың аты еліміздің тарихына алтын әріппен жазылған. Бүгінгі таңда Ахмет Байтұрсынов туралы ақпарат толық қанды берілмеген, өйткені оның өмірі мен шығармашылығы әлі де болса зерттелмеген. Сондықтан, нүкте қою әлі ерте…

Дәріс барысында оқушылар сұрақтар қойды және оған нақты жауаптарын алды. Дәріс соңында оқушылар мен класс жетекшісі мұғалімі Аймағамбетова Сауле Самаркановна лекторға өздерінің алғыстарын білдірді, сол сияқты Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының белсенді зерттеушілері болатындығын айтты.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *