«Мұрағат қорындағы «Алаш» туралы деректер»

 

2017 жылы 10  қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Мұрағат қорындағы  «Алаш»  туралы деректер»  атты тақырыпта  Астана қаласының политехникалық колледж студенттеріне құжаттарды жариялау және пайдалану бөлімінің қызметкері Г.Н. Муканова дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде тарихи тұлғаларымыз –  біздің мұрағат қорындағы «Алаш» зиялылары: Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақпаев, Ахмет Бірімжанов т.б.  тұлғалар туралы деректермен таныстыру. Студенттердің назарына шетелдік мұрағаттардан –  Ресей Федерациясы Омбы облысының, Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаттарынан, Татарстан Республикасының Ұлттық мұрағатынан, Башқұртстан Республикасының орталық мемлекеттік тарихи мұрағатынан, Өзбекстан Республикасының орталық мемлекеттік мұрағатынан  анықталып, әкелінген құжаттарға шолу жасалынды. Сонымен қатар қоржасақтаушы  – белгілі алаштанушы Дихан Қамзабекұлының жеке қорындағы құжаттар туралы айтылды. Колледж студенттері лекторға алғысын білдірді. Сонымен бірге, білім алушылар мұрағат ұйымдастырған «Алаш: замандастар көзқарасы» атты көрмеге шақырылды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *