«Рухани жаңғыру»

«Рухани жаңғыру»

Ағымдағы жылдың 17 тамызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «National Digital History of Kazakhstan» интернет- жобасының шығарушы редакторы, тарихшы Сүлейменов Арман Мұратұлымен кездесу өткізілді. А.М. Сүлейменов өз сөзінде болашақ біздің халқымыздың тарихи естелігі болып қалған  мәдени мұраларымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен тығыз байланысты екендігін атап өтті. Құжат беттеріне түсірілген халықтың тарихи ескерткіштерін сақтау ісінде мемлекеттік мұрағаттардың атқаратын рөлі ерен, соның ішінде Астана қаласының мұрағатын атап өткен жөн. Кездесу барысында А.М. Сүлейменов тарихи мұраларды сақтайтын таяу және қиыр шығыстағы шетелдік мұрағаттардың жұмыстары жөнінде, портал жұмысы жөнінде және бағдарламада көрсетілген тапсырмалар әр өңірде қалай орындалып жатқандығы жөнінде қызықты мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, астанамыздың және жалпы еліміздің қалыптасуы кезеңдерімен, тарихи дәуірлерін сипаттайтын құнды құжаттармен мұрағат қорларын толықтырып отырғаны үшін ұжымға алғысын білдірді.

Мұрағат қызметкерлері қазақты және жемісті пікіралмасу және айтылған тілектерге А.М. Сүлейменовке алғыстарын білдірді.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *