«Астана: бұрынғы, қазіргі»

«Астана: бұрынғы, қазіргі»

2017 жылдың 5 шілде күні Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайында «Астана: бұрынғы, қазіргі» атты көрме Астана күніне орай ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстанның әр өңірлерінен келген өкілдер мен қала қонақтары қатысты.

Көрменің мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына қала тарихын таныстыру. Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында көп жылдар бойы сақталған тарихи фотосуреттер көрмеден орын алды.

Көрмеге Ақмола, Целиноград қаласының ғимараттарының фотосуреттері қойылды, олардың ішінде: Ақмола бекінісі, Ақмола бекінісінің картасы, Ақмола облысының картасы,  1911 жылы салынған мұсылмандар мешіті, Ақмолада ағаштан салынған алғашқы үйлер, Орталық алаң, Ақмоладағы алғашқы көпестер В.Кубрин мен Г. Хальфиннің үйлері, Сібір сауда банкі, С.Сейфуллин тұрған үй, Целиноград қаласының көрінісі, Астана қаласы кезінде салынған Ақ орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, Астана қаласының символы – «Бәйтерек» монументі, «Қазақ елі» монументі, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің көрінісі.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *