«Мұрағат анықтамаларын және мұрағат үзінді көшірмелерін құру, оларды орындау барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында семинар.

«Мұрағат анықтамаларын және мұрағат үзінді көшірмелерін құру, оларды орындау барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында семинар.

Семинар жөнінде қысқаша ақпарат

2017 жылғы 7 маусымда «Астана қаласының мемлекеттік мұрағаты» ММ-да «Алматы» ауданының жеке құрам бойынша бөлімінің басшысы М.С. Сембаева «Мұрағат анықтамаларын және мұрағат үзінді көшірмелерін құру, оларды орындау барысында туындайтын мәселелерді шешу жолдары» тақырыбында әлеуметтік-құқықтық өтініштерді орындаушы қызметкерлерге арналған семинар өткізді.

Семнарда әлеуметтік-экономикалық және этнодемографиялық хал ахуалдың өзгеруіне байланысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық және генеологиялық сипаттағы өтініштердің саны күрт өскендігі айтылды. Сонымен қатар,  орындау процесінде туындайтын, неғұрлым жиі кездесетін проблемалар талқыланды. Атап айтқанда қолдағы бар мұрағат құжаттарына сәйкес еңбек өтілін және жалақыны, сонымен қатар жеке сипаттағы қандай да бір мәліметтерді растау.

Қорытындылай келе семинарға қатысушылар өтініштерге толық мәлімет беру үшін  бастапқы құжат тізімінің және өтініш мазмұнының дұрыс қалыптастырылуының маңыздылығын атап өтті. Берілген құжаттар мен анықтамалар басқармалық шешімдерді қабылдау, жерге жеке құқықтары бар екендігін дәлелдеу үшін және тағы басқа сол сияқты мәселелерді анықтау үшін пайдаланылады. Азаматтарды күрделілігі әртүрлі дәрежедегі шынайы ақпаратпен тиісті деңгейде қамтамасыз ету Мемлекеттік мұрағаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

 

 

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *