ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын арнап Интернациональный кентінің № 44 мектебінде өткізілген дәріс туралы ақпарат

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын арнап Интернациональный кентінің  № 44 мектебінде өткізілген дәріс туралы ақпарат

«Қазақстан Тәуелсіздігі тарихының жаңа кезеңдері»

           Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 2016 жылдың 24 қарашасында Елена Григорьевна Кулакова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Интернациональный кентінің № 44 мектебінде (мектеп директоры – орынбаев Бақытжан Шарапбекұлы) «Қазақстан Тәуелсіздігі тарихының жаңа кезеңдері» тақырыбына дәріс өткізді. Лекция 9-10 сыныптарға арналған. Шараның мақсаты оқушыларды Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен  1990- 2016 жылдары жүріп өткен кезеңдермен, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуымен таныстыру болды. Лекция барысында оқушылар өздерінің сұрақтарына дәріскерден қанағаттанарлық жауап алды. Оқушылар атынан мектеп директорының орынбасары Б.Н.Алниязов алғыс сөз сөйледі.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *