Елорда мұрағатшылары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша сайысқа түсті

dsc_0538 dsc_0427

23 қыркүйек, жұма күні 16-шы қалалық тілдер фестивалі аясында Астан қаласы Мемлекеттік мұрағатында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша конкурс өткізілді.

 

Творчестволық бұл сайысқа екі топ – «Тұлпар» және «Жас қыран» қатысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды: сәлемдесу, сұрақ-жауап, ана тілінедегі  нақыл сөлдер және тіл заңдылықтары, мақал-мәтел жарысы, музыкалық номер, үй тапсырмасы.

Елордалық мұрағатшылар қазақ филологиясы төңерегінде білімдерінің терең екенін ғана емес, сондай-ақ творчестволық тапқырлықтар көрсетті. «Тұлпар» тобы жюри мен көрермендерге театрландырылған шағын көрініс ұсынды. Уақиға желісі бойынша қара ниеттілер анасы мен баласын айырды. Бұл адамды ана сүтімен дарыған ана тілінен айыру деп түсіндірді драманың мағасын  сайысқа қатысушы топ мүшелері.

Екінші топ – «Жас қыран» — үй тапсырмасын әзіл-ысқақпен орындады. Шала қазақ судьяның қазақ тілін бұрмалайтын көріністерін қойды. Сот процесі барысында Фемида қызметкері сыртынан қарағанда сандырақ болып көрінетінін өзі де сезбей «аралас лексиконын» қолданады.

 

Сондай-ақ сайыс барысында Абайдың, Мұқағали Мақатаевтың және Олжас Сүлейменовтің өлеңдері оқылды.

 

Сайыс нәтижесінде бір ұпаймен алға шығып, «Жас қыран» тобы жеңіске жетті.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *