«Астана-Еуразия жүрегі» көрме

06072016366 06072016370

06072016372

 

        Қала күніне арнап Астана қаласы Мемлекеттік мұрағаты 6-шы шілде күні  Астана қаласының астаналық саябағында көрме ұйымдастырды. Көрмеге қойылған Қазақстан Республикасының жоғарғы және орталық органдарын Ақмолаға көшіру жөніндегі  Мемлекеттік комиссияның жұмыс қортындысы, Жаңа астананың ресми тұсаукесері рәсіміне Мәртебелі қонақтардың келу кестесі, Астана қаласының шеткі аймақтарының сызбасы, «Бейбітшілік жолындағы қала» Халықаралық байқауы жеңімпазына берілген ЮНЕСКО сертификаты секілді мұрағат қорынан алынған тарихи мәні бар құжаттар саябақтағы демалушылардың көңілінен шықты. Аталмыш көрмеге бас шаһардың көрікті жерлерінің үлкейтілген фотолары мен Елбасының шет елдік жоғары шенді меймандарды қабылдау сәтінен түсірілген фото құжаттар, Дәстүрлі және дүниежүзілік діни көшбасшыларының съезі кезінде түсірілген фотолар қойылды.

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *