«Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде азаматтық қорғаныс және өртке қарсы қауіпсіздік негіздері бойынша оқу-әдістемелік сабақ өткізілді.

«Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде азаматтық қорғаныс және өртке қарсы қауіпсіздік негіздері бойынша оқу-әдістемелік сабақ өткізілді.

2016 жылдың 5 мамырында «Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінде азаматтық қорғаныс және өртке қарсы қауіпсіздік негіздері бойынша оқу-әдістемелік сабақ өткізілді. Сабақты Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар Департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Д.Т. Тлеуханов және мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің инженері, азаматтық қорғау майоры Б.Ж. Сапарғалиевтер жүргізді.

         Мұрағат қызметкерлеріне азаматтық қорғаныс, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері туралы тұсаукесер материалдар көрсетіліп, бұл секілді оқулардың өзектілігі сондай-ақ, осы бағытта жүргізілетін іс-шаралар, қолданылатын жабдықтардың жіктелуі және басқа мәселелер қозғалды.

         Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері  қорғаныс құралдарын қолдану мен оның көрнекі мысалдарын көрсетті, әртүрлі жағдайлар талданды.

  Мұрағат қызметкерлері осы тақырыптарға сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.DSC 0007

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *