«Қазақстандағы 1930-жылдардағы ашаршылық: деректер мен құжаттар»

«Қазақстандағы 1930-жылдардағы ашаршылық: деректер мен құжаттар»

Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері М. Қалдыбекова мен Ж.Қалкенов 2016 жылдың 14 сәуірінде Алматы қаласының ҚР Президенті мұрағатында өткен «Қазақстандағы 1930-жылдардағы ашаршылық: деректер мен құжаттар» тақырыбындағы Дөңгелек үстелдің жұмысына қатысты.

Қазақ халқы XX ғасырда өзінің санғасырлық тарихындағы ең азапты қасіретін бастан кешірді. Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: «Сталиндік ұжымдастырудың қылмысты зардабынан 1,5 миллион қазақ ашаршылықтан қырылды. 1,3 миллион қазақ бұрынғы КСРО аумағынан ауа көшуге мәжбүр болып, қуғындау мен мұқтаждықтан бас сауғалады. Осыдан-ақ әлемде бірде-бір елдің, бірде-бір халықтың қазақ халқы сияқты демографиялық ахуалда мұндай күйреушілікті бастан кешпегенін және толық жойылып кету қаупі туындамағанын түсінуге болады» деп атап көрсетті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шараларын өткізу аясында «Қазақстандағы 1930-жылдардағы ашаршылық: деректер мен құжаттар» тақырыбында тарихи-құжаттық және кітаптар көрмесі өтті. Көрменің ашылуы барысында қазақ даласындағы 1930-жылдардағы ашаршылық нәубеті құрбандарының деректері базасын құру жөніндегі жобаның тұсаукесері, жетекші тарихшы ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің және зерттеушілерінің қатысуымен Дөңгелек үстел жұмысы өткізілді.

[gmedia id=105]

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *